Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
"Қазақстан мен Қостанай облысының киелі жерлері"

Лисаков мұражайының ғылыми қызметкері Д. Лизунова "Қазақстан мен Қостанай облысының киелі объектілері" - ZOOM форматында осындай атаумен дәріс өткізді.  Іс-шараға Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының студенттері және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің "Қазақстан тарихы" кафедрасының аға оқытушысы Бекжанов Азат Нұргелдіұлы (Ақтау қ., Маңғыстау облысы); Шарипова Эркайым Козуевна, философия ғылымдарының докторы, профессор, Ош мемлекеттік университеті (Ош, Қырғызстан Республикасы); Тоқтоғұлова Гүлжамал Тыныбекқызы, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Б. Осмонов атындағы Жалал-Абад мемлекеттік университетінің философия және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (Жалал-Абад,Қырғызстан Республикасы), Сергей Владимирович Самаркин, тарих ғылымдарының кандидаты, "ЧелМУ" Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының профессоры, Денис Анатольевич Качеев, "ЧелМУ" Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы.

Іс-шараға барлығы 86 адам қатысты. Дәрістің мақсаты-тарихи ескерткіштер мен киелі жерлерді насихаттау, рухани құндылықтарды нығайту және еліміздің тарихи өткеніне қызығушылықты қалыптастыру.

"Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылуда.