Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Лисаков қаласының елу жылдық мерейтойында елу құрметті азамат туралы» музейдің онлайн - жобасының қорытындылары

 

«Лисаков қаласының елу жылдық мерейтойында елу құрметті азамат туралы» музейдің онлайн - жобасының қорытындылары

Құрметті жазылушылар! 2021 жылғы 1 сәуірден 1 маусымға дейін музейдің «Лисаков қаласының елу жылдық мерейтойында елу құрметті азамат туралы» атты онлайн-жобасы өтті. Біздің қойылған мақсатымыз – қала тарихының жарқын панорамасын ұсынатын адамдардың өмірбаяны туралы айтып беру. Олардың әрқайсысы – жарқын, бірегей тұлға, Лисаковск қаласының дамуына баға жетпес үлес қосты.                                Жарияланымдардың кезектілігі «Лисаков қаласының құрметті азаматы» атағын алған күнмен анықталды. Яғни, жоба алғашқы құрметті азаматтар туралы сюжеттен басталып, бұл атақты жақында алғандар туралы мәліметтермен аяқталды. Сіздердің назарларыңызға қазақ және орыс тілдерінде 84 жарияланым ұсынылды.    Жарияланған фотосуреттер мұражай қызметкерлері арнайы әзірлеген қаланың мерейтойлық эмблемасымен безендірілген.                                                                                                                                                         

Жоба барысында 150-ге жуық фотосурет, 118 құжат жарияланды.

Бұл жоба қамту деңгейі бойынша рекордты болды, Facebook, ВКонтакте және Instagram-дағы жарияланымдардың саны 32000-нан асты. Сіздің белсенділігіңіз, пікірлеріңіз, түсінік пен шын ықыласыңыз үшін үлкен рахмет! Бұл жоба сізге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Музей басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ю. П. Буданова мәтіндерді, фотосуреттерді, құжаттарды дайындап әлеуметтік желілерге жариялады. Қазақ тіліне аударғандар - К. Курманова, С. Скорик. Қаланың эмблемасын жасағандар: П. В. Друзь, Ш. Е. Ермағамбетова, Ю. П. Буданова.

Лисаков қаласының құрметті азаматтары туралы ақпарат Лисаков музейінің сайтында қолжетімді:

http://lisakovsk-museum.kz/kz/ajma-tar-turaly/lisakovsk-alasyny-rmetti-azamattary.html

http://lisakovsk-museum.kz/ru/o-regione/pochetnye-grazhdane-g-lisakovska.html