Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Музейлер түні – 2021. Дыбыстар палитрасы.

Заттар қандай дыбыс шығаратынын туралы біз әрқайсымыз ойланбаймыз. Ал музей қызметкерлері осы жылы ойланып қалды. Нәтижесінде, мамыр айының кештерінің бірінде Лисаков музейінің келушілері әртүрлі дыбыстарға батты.

Келушілерге музыкалық қобдишаның әуені мен жүз жылдық домбыраның үні, ГМО фабрикасының дыбыстары мен түлкінің жылауы, "Маяк" радиосының шақыру белгілері, ескі пластинка мен музыкалық аспаптардың дыбыстарын естуге мүмкіндік берілді.

«Музелер түні – 2021» акциясының бағдарламасында «Дыбыстар әлемі» көрмесінің ашылуы болды, ересектер мен балалар үшін экскурсия жетекшілері дыбыстық сүйемелдеумен экскурсия жүргізді. М. Кенжебаевтың орындауында домбыра шырқалып, музей ауласында қалалық мәдениет орталығының әншілері әндерін айтты.

Бұл күні, 28 мамырда музейді алғаш рет Лисаков қаласының әкімі А.Ибраев аралады, ол жаңа көрмемен келушілерді құттықтап, музей қызметкерлері жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Пандемия жағдайында жыл сайынғы музей акциясына келушілер саны аз болды - шамамен 150 адам, бірақ іс-шара сәтті өтті. Лисаков Мәдениет үйі әртістерінің В.Гладченко, Т.Кравчук, С.Лисоченко, С.Чуменко, С.Шаталованың өнерін өтіп бара жатқан адамдар мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қуанышпен тыңдады.

Бүгінгі әлем бізге жаңа мүмкіндіктер беріп отыр, сондықтан музей қызметкерлері музейлік экспонаттарын «дыбыстауды» жалғастыруды жоспарлап отыр, мұндай жаңалықтар келушілерге өте ұнады.