Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
«Екідің ғұрыптық ескерткіші» музейлік сағаты

       3-қыркүйек күні Лисаков қалалық мұражайының қызметкерлері Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 орта мектебінің 10 -11 сынып оқушылары арасында «Қостанай облысының киелі жерлері. Екідің ғұрыптық ескерткіші»  тақырыбында музейлік сағат өткізді.

       Оқушылар Қостанай өңірінде қасиетті жерлер тізіміне енгізілген нысандармен танысты. Соның ішінде Екідің І, Екідің ІI (Екідің ауылы, Амангелді ауданы)  көне ескерткіштерінің құпия сырларын біліп, мол мәліметтер алды.  Сабақ соңында оқушылар үлестірілген суреттерден киелі жерлер мен нысандар, тарихи тұлғалар жерленген жерлердің атауын тауып,  картаға орналастырды.