Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Музей алаңшасы «Алдар көсе қонаққа шақырады»

Қала тұрғындарына 2019 жылғы 17 тамыз күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының қызметкерлері ойын түрінде музей коллекциясының заттарымен және қазақ халық салт-дәстүрлерімен таныстырды.

       

Қатысушылар «Алақан»,   «Мойын»,   «Үндік», «Түйме»-деп аталатын домбыраның негізгі бөліктерін ойын бағдарламада көрді, одан кейін пазл ретінде жарысып осы ұлттық қазақ музыкалық аспабын жинады. Алдар көсе роліндегі музей қызметкер балалармен бірге қызықты «Асық»,  «Тиін көтеру» ойындарын ойнады. «Бесбармақ», «Қойдың басы»,  «Жент»,  «Шұжық» ұлттық тағамдарының суреттері қонақтардың алдарында пазл жинағанан кейін шыға бастады. Арнайы дайындаған «домино» ойынын ойнап, лисаковтықтар кейбір музейлік заттарымен алғашқы рет танысып отырды.

      

Белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді, қатысушылардың арасында Лисаков қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының тәрбиенушілері де болды.