Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Мұражай Лисаков даңқын асқақтатты

2019 жылғы 22 мамырда қазақстандықтар республикадағы ең үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мұражай Лисаков қаласында екенін білді!

          

«Рухани қазына-2019» конкурсының облыстық кезеңінің нәтижелері бойынша Лисаков қаласының Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы Қостанай облысында үздік атанса, ал Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының үздік аудандық (қалалық) мұражайы номинациясының жеңімпазы болып танылды.

          

Мұражай 1 миллион теңгеге сертификат және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан диплом алды. «Рухани қазына – 2019» мәдениет саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің Республикалық фестивалінде (Нұр-сұлтан қ., 2019 ж. 19-22 мамыр) Лисаков мұражайының директоры Шынар Ерденқызы Ермағамбетова қалалық мұражай жұмысын сәтті таныстырып, үздік нәтижемен оралды.

        

27 мамыр мұражай директоры Ш. Е. Ермағамбетова және музейдің бірінші директоры Н.Е.Жиляева Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған Қостанай облысы әкімінің қатысуымен өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мұражай директорына диплом тапсырды. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасынан Лисаков мұражайы құттықтаулар мен түрлі-түсті принтер сыйға алды.

         

Біздің мұражайдың әрбір қызметкері осы Жеңіске өзіндік үлес қосты! Мұражай қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалағаны үшін «Рухани қазына-2019» фестивалінің қазылар алқасына шын жүректен алғыс айтамыз, біздің мұражаймен ынтымақтасып, біздің бастамаларымызды қолдайтындардың барлығына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!