Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
«Мұражай түні - 2019. Мұражай - шеберлер қаласы»

2019 жылдың 17 мамыр күні Лисаков қаласы Халықаралық «Мұражай түні» акциясынан тыс қалмады. Осы кеште мұражайға келгендердің барлығы қолөнер шеберлерінің әлеміне енгендей болды. Ежелгі артефактілер бисерден жасалған таңғажайып ағаштармен, адам бойымен бірдей гүл композицияларымен, сондай-ақ әртүрлі материалдардан жасалған әшекейлермен қатарласа тұрды. Келушілер Лисаков шеберханаларының ішкі дүниесінің алуан түрлілігіне шынайы тәнті болды.


«Шеберлер қаласында» тұрғындар тек В. Беляева, А. Болбат, В. Гилязова, А. Кайдалова, Т. Красилова, Е. Красилова, А. Малькова, Т. Мешкова, А. Скибардина,  Е. Смирнова, Ю. Романовская, У. Ян сынды дизайнерлер бұйымдарымен ғана емес, сонымен қатар олардың шебер - сыныптарына қатысып, жасалу жолдарын үйренуге мүмкіндік алды. Халық шебері Б. Д. Алыпқашева қазақ ою-өрнегінің құпиясымен және дәстүрлі қазақ көрпесін тігу әдістерімен бөлісті.


ҚР Суретшілер Одағының мүшесі С. В. Каратаева көрсеткен киізден жасалған бұйымдар жасау үрдісі де көрермендердің қызығушылығын тудырды. Келушілер дарынды суретші С. В. Карженкованың портретіне қуана тапсырыс берді. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған ВИА «D. Fox» ВАА (жет.Е. Гурина). Мұражай қызметкерлері біздің өлкеміздің тарихымен қызығатын барлық адамдарға экскурсия өткізді, фотоға түсуге арналған арнайы аумақ ұйымдастырылды, ол жерде Андронов сұлуы немесе Қыпшақ жауынгері бейнесінде суретке түсті.


2019 жылы «Мұражай түні – 2019» бағдарламасында алғаш рет «Менің үйім мұражай» акциясы өтті. Акция барысында Илеуов Д., Құдайберген Н. (Валерьян негізгі мектебі), Асанова Д. (Лисаков қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Мектеп-гимназиясы» КММ), Өмірзаққызы Қ. (Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ) отбасылық жәдігерлер туралы айтты. Жәдігерлер тарихын зерттеп, ұсынған оқушылар ата-бабаларынан қалған отбасындағы құнды заттар тарихы мен зат иесінің басынан өткізген қилы тағдарлары туралы және оның жасалу жолымен көпшілікті таныстырды. 500-ден астам лисаковтықтар дәстүрлі акцияға қатысып, мұражайда болып қайтты.