Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Жерлестеріміз – Ұлы Отан соғысының батырлары

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының батырлары – Қызылжар аулының тумалары – Сейітхан Темірбаев пен Кәрімжан Канафинға арналған ауқымды іс-шаралар өткізді.  


Бұл істе шара қонақтары болған Кәрімжан Қанафинннің қызы Күлжан Шутаева  мен немересі Жасұлан Қанафин үлкен қолдау көрсетіп, ардегер туралы балаларға мол мәліметтер айтып, отбасы мұрағатындағы фотосуреттері мен бейне материалдарын көрсетті.


Біздің жерлестеріміздің өмірбаянымен, әскери ерліктері туралы айтылған дәрістер, кездесулер мен экскурсияларына Лисаков және Октябрь аулының 500-ден астам оқушылары тартылды.


Б. Майлин атындағы Таран тарихи-өлкетану мұражайында «Қызылжар батыры - Сейітхан Темірбаев» атты Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы әзірлеген жылжымалы көрмесі жұмыс істейді. 


Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы естеліктер ұрпақтары отбасында сақталған және ұрпақтан ұрпақққа беріліп келеді.