Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уалиханов.

2019 жылдың 12 сәуір күні №3 қазақ орта мектебінің акт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шоқтығы биік ұлы тұлғамыздың бірі - Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уалиханов» іс-шара өтті.


Іс-шараның мақсаты – Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және қазақтың көрнекті ғалымы және ағартушысының өмір жолы мен еңбектерін үлгі етіп алып Қазақстанның мәдени мұрасына өскелең ұрпақты араластыру. Мектептің 7-11 сынып оқушылары Шоқанның өмірі мен мол мұралары туралы баяндайтын деректі фильмді тамашалады. Оған қоса, шағын планшеттегі ҚР киелі жерлер картасы тізіміне енген «Алтынемел» мемориалдық мұражай кешені мен Күнтимес - Шоқан Уәлихановтың туған жері туралы және отбасылық шежіресі, иллюстрациялар және пошталық маркалар, монеталарымен танысты. Шараның қортыныдысы ретінде  танымдық ойын ойнатылды.