Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
«Дала фольклорының дәстүрлері» көрмесінің ашылуы

Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында Наурыз мейрамына арналған жаңа көрме ашылды.  ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясынд ұйымдастырылған көрменің маңызы зор.


Ежелден қазақ халқы өткір тілімен қара қылды қақ жарған тума талант ақындарды құрметтей білген, сол себепті де қарсыласына домбыра мен қобызда ойнай отырып, өлеңдете, әзілімен шебер жауап қатып, елдің мұңын жырлайтын ақындар айтысының танымалдығы осыдан деуге болады.

Мұражай көрмесі жобасының мақсаты - дала фольклорының дәстүрі туралы айту. Көрмеге келушілер айтыс туралы және оның қандай түрлері бар екенін біледі, Қазақстанның және Қостанай облысының белгілі ақындарының фотосуреттерін тамашалады. Сонымен қатар, белгілі атақты ақындарымыз: Омар Шипин, Балуан Шолақ, Асия Беркенова мен Алпия Орманшина туралы өмірбаяндары мен шығармашылықтары толық таныса алды.   

«Қыз бен жігіт» айтысын көрермендерге Дүйсен Аяпбергенов пен Балзьия Бесенбенова көрсетті.

Көрменің ашылуы кезінде «Вдохновение» ансамблінің бишілері (жетекшісі Татьяна Абдикаримова, Лисаков қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы), № 3 ОМ оқушысы Қарақат Өмірзаққызы – «Майлықожаның термесі» әнін; № 3 ОМ оқушылары  Мансұр Байәділ мен Арсен Қарымсақов – «Қазақпын» әнін (жетекшісі А. Башеева) орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Көрме 2019 жылдың 20 сәуіріне дейін жұмыс істейтін болады, мұражай қызметкерлері мектеп оқушылары мен колледж студентеріне тақырыптық экскурсия дайындаған.