Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
«#Көйлек#жейделер» көрмесі

2019 жылдың 23 қаңтар күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында «#Көйлек#жейделер» көрмесінің ашылуы болды. 


Көрме келушілерді заманауи ер көйлектерінің пайда болмай тұрып қандай болғаны,  ерлердің осынау маңызды затының тарихы қандай екенін білуге шақырады. Мұражай қорынан украин, марий, еврей, чуваш, дәстүрлі орыс халқының қисық жағалы көйлектерінен барлығы 25 көйлектер мен жейделер қойылған. Көрмеде XX ғасырдың екінші жартысындағы ерлердің қисық жағалы көйлектері, гавайлық, джинси жейдесін көруге болады.


Ашылу кезінде Лисаков мұражайының алғашқы директоры Жиляева Н.Е. қарапайым зат - ерлер көйлегінің тарихына шолу жасады. Көне заттар сыр шертетін көрме ашылуында «Рудничок» орыс халқының аспаптар ансамблінің (жетекшісі Слепцова Н.П., Лисаков қаласы әкімдігінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ), сондай-ақ «Ардагерлер ұйымы» ҚБ Лисаков қаласы филиалының «Беспокойные сердца» хорының  өлең – жырлары шараның көркін келтірді. Айта кеткен жөн, ардагерлер хоры алғаш рет мұражайда әкімдік сыйлаған баянмен сазды сәлемдерін ұсынды.     


Көрме қонақтары болған: Лисаков қаласының құрметті азаматы Шаврин Ю.Ф., Лисаков қаласының білім беру ошақтарының басшылары, еңбек сабағының мұғалімдері, мүгедек балаларға арналған Лисаков қалалық күндізгі болу бөлімініне баратын балалар.


Көрме 2019 жылдың наурыз айына дейін жұмыс істейтін болады, мұражай қызметкерлерімен экскурсиялар ұйымдастырылады. Көрмеге келуге шақырамыз!