Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Мұражай тарихы

ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫНАН

 

     Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 1991 жылы  құрылған. Бастапқыда  ол  қалалық бюджетінен қаржыландырып, Қостанай облыстық тарихи - өлкетану  мұражайының дербес бөлімі болып жұмыс істеген.

      Лисаков мұражайы жинақтамаларының негізін қала құрушы кәсіпорыны – Лисаков тау - кен байыту комбинатының тарихи – өндірістік мұражайынан тапсырылған қорлары құрайды. Материалдарды Лисаков  қаласындағы мұражайлық ісінің негізін қалаушы С.М.Ляпустина жинаған. 

     1992 жылы Лисаков некрополі мен елді -мекенінде табылған қола дәуірі археологиялық жинақтамасының тапсырылуы басталды(қазбалардың авторы – Э.Р.Усманова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институты). Осы жинақтаманың бірегейлігі б.з.д. XVIII-XIII андронов тарихи – мәдени қауымдастығы мәдениеті заттық дүниесінің көлемді ұсынылуында. Солтүстік Қазақстанның көп этникалық халықтары мәдениетінің барлық байлығын көрсететін этнографиялық жинақтамасы археологиялық жинақтамасының жалғасы болған. Оның құрамы Лисаков аймағын мекендейтін қазақ, орыс, украин, неміс, татар және басқа этностардың мәдениетін көрсетеді.

    1999 жылдан бастап Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы  дербес мәдениет мекемесі болып жұмыс істейді. 2000 жылы  мұражай «Өркен» ЖШС тиесілі ғимаратынан «Улыбка» балабақшасындағы бос ғиамратқа көшкен.

     2001 жылдың тамыз айында мұражайдың жаңа экспозициясы ашылған. Экспозиция келесі залдардан құрылған – «Көне дала тарихы»,  «Дала Еуразия халықтарының мәдениет әлемі», «Дала қоймасы», «Лисаков қаласының тарихы».

     Мұражайдың мәденитанымдық тұжырымдамасы «Дала тарихындағы адам» деп белгіленген. Адамның дүниеге келуі мен өлімі, өмір циклдерінің ауысуы, өндірістік қызметі, діни ұғымдары, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін барлық материалдық мәдениеті көрісі болып табылатын тұрмысы мұражай экспозициясының басты объектісі  болып табылады.

     2013 жылы  Лисаков қаласының басшылығы мен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы бірлесіп мұражайдың Мир көшесі 32 мекен-жайы бойынша орналасқан  Қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимаратына  көшуі жөнінде шешім қабылдаған.  2013 жылғы шілде айында мұражай қорлары мен   мұражай мүлігі  көлемі 427,1 ш.м. жаңа ғимаратқа көшірілді.

    2015 жылдың 28 қаңтарында  қала тұрғындары  Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының көшуден кейінгі жаңартылған  экспозициясын көрді. Мұражай экспозициясы тұжырымдамасының авторлары:  Э.Р.Усманова (Академик Е.А.Бөкетов атындағы   Қарағанды мемлекеттік  университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институты), Н.Жиляева, Ю.Буданова. Сәулеттік-көркем жобаны  Т.Досманова, Н.Иванина, Д.Ізбасаров, Ғ.Кенжібеков, А.Омаров (Қарағанды қ.)  жасаған. Музейлік  экспозициясын жасаумен «Қарағанды суретшілер одағы» шығармашылық одағы» ЖШС-і айналысқан(жетекшісі – А.Қалмаханов). Экспозиция К.Алтынбеков,Г.Файзуллина(Алматы),А.Кушкумбаева(Астана),А.Сеитова,И.Шевнина (Қостанай), С.Боталова, Н.Иванова, В.Мосина, А.Таирова (Челябі), С.Кузьминых (Мәскеу),А. Нечвалоды (Уфа), Т.Крупаның  (Харьков) кеңесші- мамандарының қатысуымен жасалған. Ақпараттық киоскқа арналған мультимедиялық презентациясының авторы – Д.Ешкина.(Лисаков қ.)

      Аймақтың Еуропа мен Азия  шекарасында, көшпелі және  отырықшылық-егіншілік тұрмыс салттарының түйіскен жерінде  тиімді географиялық орналасуы, оны мәдени туризмнің дамуы мен белсенді  аймақтық білімділік саясатты өткізу жағынан қызықты етеді. Халықтардың мәдени мұрасы,  этникалық өзгешелігі  Тобыл өзеннің жағалауында қалыптасқан және қалыптасады. Өзеннің орманды дала мен даланың шекарасында орналасуы қола дәуірінен бастап  қазіргі заманға дейінгі  қауымдастықтың мультимәдениеттілігінде байқалады. Тобыл өзені  өмір ағымындай. Осы өзеннің жағасын мекендеген және мекендейтін халықтар тарих ағымында кездеседі. Тобыл өзені -  мыңжылдықтар бойындағы мәдениеттердің кездесуі мен тасылмадануы. Тұжырымдаманың ұраны: Тобыл өзені – тарих ағымындағы заман мәдениетінің бейнесі. Жаңа экспозиция тұжырымдамасының ойы осындай.

   Экспозиция келесі залдардан құрылған: «Даланың ежелгі тарихы», «Киелі бөлме», «Лисаков. Экономика және қоғамдық өмір», «Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениеті», көрме залы. Топографиялық сипаттамаларға және толық  тақырыптық жоспарларға сәйкес көрмеге қойылған заттардың жалпы саны – 1874.

 

 

ГРАНТТЫҚ ЖОБАЛАР

 

       «Үзілген жіп...?» жобасы - Лисаков мұражайының жылжымалы көрмесі – «Орта Азияның музейлері» музейлік  жобалар конкурсында  грантқа ие болған (2008,  конкурс ұйымдастырушы – «Дешт-и-Арт» қазіргі мәдениет орталығы; жоба  "НIVОS" дамушы елдермен ынтымақтастықтың Нидерланды Гуманитарлық Институтымен қаржыландырылған).  Жобаның мақсаты – басқа этностарда  неміс мәдениеті туралы  құндылық түсінігін қалыптастыру және  неміс диаспорының жас ұрпағына өзін-өзі мәдени сәйкестендіруге көмектесу. Көрме көпшілікке  музейлік неміс этнографиясы заттар жинақтамасының  мәнді бөлігін көрсеткен. Көрменің Қазақстанның қалалары мен ауылдарында  (Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Қостанай облысының мұражайлары)  көрсетілуі  неміс этностың материалдық және діни мәдениетін сақтауға бағытталған ірі жобаға айналған.

2000 жылы мұражайдың «Балалар мәдениет диалогында»  жобасы  «Мультимәдениет ортасындағы білім» бағдарламасы бойынша Сорос Қазақстан Қорының грантына ие болған. Жобаның негізгі міндеттері: балалар мен жеткіншектердің  көп мәдени қаумдастықта  бірлесіп өмір сүру дағдыларын тәрбиелеу мәселелеріне қоғам назарын  аудару; жеткіншектерді  Қазақстан халықтарының мәдениетін зерттеу және дәріптеу бойынша  белсенді жұмысқа  қатыстыру; Соның нәтижесінде  балаларға қазақ, орыс, украин, неміс халықтарының мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін «Қазақстан халықтарының мәдениеті» деген бағдарламасы пайда болған.

       2008 жылы «Атамекен» музейлік клубының «Колесо истории: вчера, сегодня, завтра» деп аталатын немістер тарихы бойынша зерттеу жұмыстары республикалық конкурсында жеңгені үшін «Балалар тарихты жазады» жобасы бойынша Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайына  «Атамекен» балалар клубының  жазғы этнографиялық лагерін ұйымдастыру үшін Қазақстандағы Техникалық ынтымақтастығы  бойынша Германия Қоғамы Өкілеттің (GTZGmbH) жүлделі гранты берілген.

       2011 жылы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы «Қола әліппесі немесе Андрония еліне саяхат» жобасын іске асыру үшін Дешт-и-Арт «Қоғамды дамыту лабораториясы» ҚБ грантына ие болған. Жобаның негізгі мақсаты – кіші мектеп жастағы балаларда  адам баласының ежелгі тарихы: адамдардың табиғатты игеру мен түбегейлі өзгерту және қоғамды жасаудағы алғашқы қамдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Кіші мектеп жастағы балаларды көне тарихы бойынша музейлік экспозициясының қызмет ортасына қатыстыруға олардың  көне мәдени мұрасы туралы ерекше ұғымдар мен терминдерді қабылдай алуы даярлықтың жеткіліксіз деңгейі қиындатады.  Бұл мәселені шешу үшін жоба барысында білім бағдарламасы өнделген, балаларға өз үшін ежелгі тарихтың жұмбақтарын жеңіл және түсінікті формада  шешуге  көмектесетін  «Қола әліппесі» оқу құралы дайындалып шығарылған.