Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Қызылжар ауылы

           

1840 жылы Тобылдың жағасында Байқан деген бай адамның ауылы пайда болды.  ХХ ғасырдың басында Тобылда қоныс аударушылардың жаңа кентері пайда болған кезінде, Байқан ауылының адамдары да Тобылдың сол жағасына («Ягодка» бақ шаруашылығы қоғамының аумағы) өтіп шығады да,  бұрыңғы  атауындағы жаңа ауылын орналастырады.

 

Кеңес үкіметі кезіңде  ауыл «Қызылжар» деп аталды.

 

Ауылдың байырғы адамы, Байқанның шөбересі Сүйіндік Бисекеевтің айтуынша, ауылдағы ең әдемі ғимарат мешіт болған. Мешіт ХХ ғасырдың басында Байқан тұқымдарының қаражаттарына салынған, бастамашылар Аманбай, Амантай, Дүйсенбай болған.

 

1933 жылы ұжымдастыру кезіңде мешіт  қиратылған. 1932 жылы Қызылжарда «Бірлесіп жерді өңдеу жөніндегі  серіктестігі» ұйымдастырылған, ЖӨС-тің тұңғыш төрағасы Жұмаділ Шамбулаев болған.

Қызылжарда Кеңес Одағының батыры Сейітхан Темірбаевтің отбасы тұрған.

 

 

1. Қызылжар тұрғындары - Абде Абуов пен Биғанша. 1950-жылдары

 

2. Қызылжар тұрғыны Абуов Тұрған Абдеұлы. 1960 – жылдары

 

Қызылжар ауылының тұрғыны Абуов Тұрған Абдеұлының II КР № 219586 туу туралы куәлігінің көшірмесі.

 

4. Қызылжар ауылының тұрғыны - Омаров Қасен. 1940 - жылдары

 

  1. Сүйіндік Бисекеев - Байқан ауылының негізін қалаушылар ұрпағы (Қызылжар).1950-жылдары