Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Лысаковка кенті

Лысаков ауылы

Байырғы тұрғындардың естеліктері бойынша  ауыл 1910-1913 жылдарда  құрылған.  Алғашқы   тұрғындары  Украинадан келген (Даниленко, Кладченко, Колесниченко, Корниенко, Кравцовтар, Ликутиндер, Молибоженко, Скутельниктер, Шевченко). «Лысаковский», «Лысаков» атауы жер аударылғандарға жер учаскелерін бөліп берген, қоныстандыру комиссиясына  қатысушы  «Лысаков» тегінен шыққан. Кейінірек ауылдың атауы «Лисаковка» болған. Ұжымдастырудың алдында  ауылда төрт сыныптық мектеп салынды. 1949 жылы Лисаков ауылының  жанында  геологтар  оолит қоңыр-темір кен орнын тапқан, оны «Лисаков» деп атаған. Ауылдың орнына Лисаков КБК-тің карьері  орналасқан. Жойылған  ауыл туралы естелік қаламыздың «Лисаков»  атауында мәңгілікке қалған.

 

Суретте:

 

 

1. Лысаков тұрғындарының астық бастырған кезінде. 1934 ж.

 

 

 

 2. Лысаков тұрғындары алғашқы трактор қасында. 1937-1938 ж.

 

 

 

 3. Лысаков тұрғындары: Молибоженко Матвей Трофимович және Скутельник Семен Петрович. 1937-1939 жж.

 

 

 

 4. Лысаков мектеп оқушылары (Лисаковке) мұғалімі А.Ф.Карповпен бірге. 1939 ж.

 

 

 

 5. Неміс арнайы қоныс аударушылары. Цоллер отбасы.1949 ж.

 

 

 

 6. Жер үй маңындағы Колесниченко отбасы, оның орнында темір рудасын өндіру бойынша сынақ карьері болады. 1950-жылдары.

 

 

 

 7. Лисаков ауылының тұрғындары Корниенко М.Н., Корниенко Г.Ф., Колесниченко В.Д, Скутельник Е.Н., Кравцов И.Д, Ликутин И.Н. 1951 жылдың 21 тамызы.

 

 

 

 8. Колесниченконың отбасы Лисаков кен орнын зерттеген геологтарда қонақта. 1951-1952 жыл.

 

 

 

 9. Лисаков ауылының тұрғындары Старченко И.Н., Колесниченко В.Д, Куценко И.П. 1953 жылдың 12 сәуірі.

 

 

10. Лисаков ауылы.1968 ж.